Жұма, 12.08.2022, 14:33
Саламатсызба Гость | RSS

Төлеу Алтынкүлдің сайт-портфолиосы

Статистика
Кіру формасы

Блог

Бастапқы » 2011 » Наурыз » 26 » Ақтан батыр өмірі, ерлігі туралы
22:05
Ақтан батыр өмірі, ерлігі туралы
АҚТАН БАТЫР
img0Ақтан Ақайұлы (шамамен 1770-1854) халық батыры. Руы - Қаракесек. Жанқожа батырдың үзеңгілес серігі, оның Хиуа, Қоқан бекіністеріне жасаған жорықтарына қатысқан.

Қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауданы Ақтан батыр (Арықбалық) ауылына қарасты Түлкіқашқан қонысында дүниеге келген.

ХІХ-шы ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуаңдария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңіздеріне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап тұрды. Осындай зорлық-зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасады.

Жалпақ жұртқа белгілі жайт - Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Жанқожа қаракесек Ақтан батырмен бірге көне Жанкенттің жанындағы Хиуа бекінісі - Жаңақаланы тас-талқан етеді. П.Ивановтың көрсетуі бойынша, бұл оқиға 1842 жылы болған.

Жаңақаланы алардағы ұйымдастырушылығы мен жанқиярлық батырлығы үшін халық қаракесек Ақтан Ақайұлын бүгінгі күнге дейін ерекше ілтипатпен атайды. Қазақтың санаулы батырларының бірі деп біледі.

Сондай-ақ осы жылдың қазан айында Хиуа хандығының сыр бойы қазақтарынан ұшыр, зекет жинауға қойылған найыбы Бабажан сарттың көне Жанкент шаһарының маңындағы бекінісі Бесқаланы аларда ерлік көрсеткен. Ақтан батыр бастаған қазақ сарбаздары қамалды қоршауға алып, Бабажанды қолға түсіріп, Жанқожа батырдың үкімімен жазалаған.

Ақтан батырдың бейіті Ақтөбе облысының Берсүгір бекетінің батысына қарай 30-35 шақырым қашықтықтағы Тебенсай деген жерде. Бұрынғы Арықбалық елді мекеніне Ақтан батырдың есімі берілген.

Қосылған материалдар: Суреттер 1 · Суреттер 2 · Суреттер 3 · Суреттер 4
Көргендер саны: 2524 | Қосқан: jantanai | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 3
0
3 Серик Адилхан   [Материал]
Сәлем бердік, көп-көп рахмет, еңбегіңізде табыстар тілеймін, ізгі тілектермен оқушыңыз Серік Әділханұлы Файзуллаев

0
2 Бауыржан   [Материал]
Апай сіз менің группаласым Багымнын апасы екенсіз. Сайтыныз керемет, енбегініз жана берсін. Менін сайтым - http://bauirzhan-akim.ucoz.kz

0
1 jantanai   [Материал]
Алтынкүл апай! Ауылыңызда талай болдым. өте әдемі, жасыл желекті жер екен. не жаңалықтар бар ауылыңызда? biggrin

Имя *:
Email *:
Код *:
Іздеу
Календарь
«  Наурыз 2011  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Архив записей