|
Блог
23 жыл еңбек жолымда шәкірттеріме химия ғылымының негіздерін үйрету, тәрбие беріп, болашақта білімді, адамгершілігі мол, жауапкершілкті азамат қалыптастыруда еткен еңбегімнің нәтижесі бағаланды. Бірнеше рет мектепішілік, ауыл әкімшілігі, аудандық, облыстық мақтау қағаздары мен алғыс хаттармен марапатталдым. Оқушыларым бірнеше рет аудандық олимпиада жүлдегерлері атанды, Химия пәнін таңдап, ҰБТ қорытындысында жоғары баллмен Садықова Б. С.Асфендияров атындағы Мемлекеттік медицина академиясының фармацевтика факультетіне түсті. Сәтбай Н. Қорқыт Ата атындағы Мемлекеттік Университетінің химия факультетінің ІІ курс студенті.
|
1988 жылы Алматы мемлекеттік қыздар пединститутын бітіріп, туған ауылымда №61 орта мектепте химия-биология пәні мұғалімі болып, еңбек жолымды бастадым. Мұғалім болып қалыптасуыма ұстаздарымның көп ықпалы тиді. Олар, Файзуллаев Әділ, Ибрагимов Қалжан, Бөкенбаев Ғалымжан және т.б. ұстаздарым.
1991 жылдан бастап, отбасы жағдайына байланысты Қазалы қаласындағы №95 орта мектепке орналастым. 1993 жылдан бері Ақтан батыр ауылындағы №190 орта мектепте химия пәнінен сабақ беріп келемін.
|
Қазақ тарихында батырлық жыр-дастандар
мен тарихи аңыз-әңгімелердің ең көп пайда болған дәуіріне XVIII ғасыр
мен XIX ғасырдың бірінші жартысы аралығын қамтыған 150 жылдай уақыт
жатады. Осы кезеңнің бірінші бөлігі – жоңғарларға қарсы күреспен
айрықшаланып, ол кезең өз кезегінде атақты Қабанбай, Бөгенбай,
Наурызбай, Есет, Тайлақ,Саурық және тағы басқа көптеген қолбасшы –
батырларды дүниеге келтіргені белгілі. Ал екінші бөлікке жоңғарларға
қарсы күрестен кейінгі – Ресей отаршылдығы мен езгісіне, ортаазиялық
Қоқан, Бұхар, Хиуа хандықтарының озбырлықтарына, басқыншылықтарына,
тонаушылықтарына қарсы болған көтерілістер, ұлт-азаттық қозғалыстар
кезеңі жатады.Уақыт жағынан алғанда бұл кезеңге XVIII ғасырдың 70-ші
жылдары мен XIX ғасырдың 60-шы жылдары аралығы сай келеді. Осы кезеңде
де қазақ халқы өз ортасынан тарихи тұлғалардың, әсіресе батырлардың к
...
Әрі қарай оқу »
|
АҚТАН БАТЫР Ақтан
Ақайұлы (шамамен 1770-1854) халық батыры. Руы - Қаракесек. Жанқожа
батырдың үзеңгілес серігі, оның Хиуа, Қоқан бекіністеріне жасаған
жорықтарына қатысқан.Қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауданы Ақтан батыр (Арықбалық) ауылына қарасты Түлкіқашқан қонысында дүниеге келген.
ХІХ-шы ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің
шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған
Хиуа, Қоқ
...
Әрі қарай оқу »
Просмотров:
2728
|
Добавил:
jantanai
|
Дата:
26.03.2011
|
|
|
Календарь
« Ақпан 2025 » | Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс | | | | | | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
|